Алматылық фотосуретші Дмитрий Доценко жыл соңындағы толған айды суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ. тілшісі.
Instagram-дағы парақшасында ол 2023 жылдың он үшінші толық айын суретке түсіргенін атап өтті.
Дәлірек айтсақ, айдың толуы кеше болды, бүгін аздап кішірейіп бара жатқанын көруге болады. Дегенмен бұл әлі көзге көрінбейді. Карусельде айдың тууы туралы тағы бір шағын бейнеролик бар. Жалпы, мен осы кадрлармен айдың сюжеттерін көрсеткім келді. Биыл табиғаттың түнгі келбетін түсірген суреттерім көп болды. 2024 жылы да осы суреттерді түсіруді жалғастырамын, - дейді фотограф Дмитрий Доценко.
Суреттерді көрген желі қолданушылары айдың қалаға жақындай түскендей әсер қалдырғанын айтып, қуаныштарын бөлісіп жатыр.
Табиғаттың әсемдігін көзбен көрсек те, бағалай алмаймыз. Айдың әдемі көрінісін түсіріп алған фотосуретшіге рақмет! Қалаға ай жақындай түскендей әсер қалдырады екен, - дейді қала тұрғыны.