Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жыл соңына дейін Жетісу облысының 126 елді мекені газбен қамтылады

Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі газдандыру жұмыстарының барысына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, облыс құрылғанға дейін бар болғаны 5 елді мекен немесе облыс халқының 27%-ы ғана газбен қамтылған еді.

Әкімнің мәліметінше, жыл соңына дейін жалпы саны 126 елді мекенге газ құбыры тартылады, нәтижесінде облыстың газдандыру деңгейі 72%-ға жетпек.

Биыл “Талдықорған-Үшарал” магистральды газ құбырының құрылысы аяқталғаны да айтылды. Бұдан бөлек, Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр.

Осы жобалардың іске асуы нәтижесінде 2028 жылға қарай облыста 210 елді мекенге газ тартылады деп жоспарланған. Алайда бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржылық қолдау қажет, - деді облыс әкімі брифингте.

Бейбіт Исабаев облыста газға деген қажеттіліктің жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты жеке инвестициялар есебінен “Алматы-Талдықорған” екінші магистральды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатқанын, оның 2026 жылғы ақпан айының соңында мемлекеттік сараптамадан өтетіні туралы ақпарат берді.

Өзгелердің жаңалығы