Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Зульфия Құдайбергенова ұйымдастырған ашық есік күні барысында айтты.
Қазір үш оператор тестілеу жұмыстарын Алматыда жүргізіп жатыр. Нұр-Сұлтанда "Қазақтелеком" ҰК, Шымкент пен Түркістанда да пилот режимінде тестілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 5G-ды үш республикалық қалада енгізуді жоспарлап отырмыз,- деді ол.
Құдайбергенова радио желілік тазалық бойынша мәселе жоқ емес екенін айтты.
Мысалы, ұялы операторлар 4G кезінде 20 МГц-ті қолданса, 5G-де 100 МГц кеңжолақ керек болады. Оны біз аукцион арқылы анықтаймыз. Барлық Ірі оператор оған қатысады. Қатысушы операторларға қойылатын кәсіби талаптар бар. Аукцион бойынша желілік тазалық реттеледі. Одан кейін ол үш қалада енгізіледі. 2024 жылға дейін облыстық маңызы бар қалаларда енгізіледі. Ал шағын жергілікті жерлерде әзірге енгізілмейді. Оған инвестиция керек,- деді Зульфия Құдайбергенова.