Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қосшы қаласындағы жаңа құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Мектептердің дайындығы күн тәртібінде тұрғаны анық. Оның ішінде апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі бар. Мәселе Үкімет деңгейінде қаралды. Қазір Қосшыда 65 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Қысқа уақыттың ішінде қала халқы тез өсіп жатыр. Бұл жерде шешілмеген сұрақтар көп, -деді вице-премьер Қосшыдағы сапар барысында.
Премьердің орынбасарының айтуынша, 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үшауысымды мектептерге қатысты бірқатар мәселені көтерді.
Мұның нақты шешімін бүгін көріп отырмыз. Жылдың аяғына дейін Қосшыдағы үш ауысымды мектептердің мәселесі шешіледі. Жалпы, Ақмола облысы бойынша үш ауысымды мектептердің мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Ол мәселе толықтай 2024 жылы шешілмек, - деді Ералы Тоғжанов.