Жыл соңына дейін өңірлерде 13 жұқпалы аурухана ашылады - Тоқаев

1 Қыркүйек 2020, 13:26
1132
Бөлісу:
Жыл соңына дейін өңірлерде 13 жұқпалы аурухана ашылады  - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселесі де маңызды. Жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жаңа жұқпалы аурухана салынады. 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Осы мақсатқа қарай, 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз, - деді Тоқаев. 

Президент атап өткендей, Елбасының бастамасымен елорда мен Алматы қаласында екі көпсалалық медициналық орталық салынады. 

Бұл орталықтар еліміздің бетке ұстар мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және медицинанының дамуына тың серпін береді, - деді ол. 
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы