Жыл сайын елордада отбасылық жанжалға байланысты 17 мыңнан астам қоңырау түседі

29 Мамыр 2023, 12:17
666
Бөлісу:
Жыл сайын елордада отбасылық жанжалға байланысты 17 мыңнан астам қоңырау түседі
Фото: Артём Чурсинов

Жыл сайын полицияға елордалықтардан отбасылық жанжалға байланысты 17 мыңнан астам қоңырау түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Айта кету керек, жыл сайын елордалық полицияға отбасылық жанжалдарға байланысты 17 мыңнан астам қоңырау келіп түседі. Ұрып-соғу және денсаулыққа зиян келтіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырса да, мұндай фактілер азайған жоқ, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, көбінесе зорлық-зомбылық құрбандары ұрыс-керісті жария еткісі келмейді.

Өйткені олар қаржылық немесе психологиялық тұрғыдан агрессорға тәуелді. Ағымдағы жылдың 4 айында елордада 3 мыңнан астам қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Сотқа отбасылық дебоширлерге қатысты 1541 әкімшілік іс жіберілді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Өзгелердің жаңалығы