Жыл сайын 60-қа жуық есірткі плантациясы жойылады – ІІМ

16 Мамыр 2022, 11:25
1124
Бөлісу:
Жыл сайын 60-қа жуық есірткі плантациясы жойылады – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Жұмыстың үшінші бағыты – еліміздегі құрамында есірткісі бар өсімдіктердің шикізат базасы. Бұл ең алдымен, Шу алқабындағы жабайы қарасора.Жыл сайын «Қарасора» ауқымды операциясы барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізудің мыңнан аса дерегін анықтаймыз.Сонымен қатар оңтүстік аймақтарда, шалғай аудандарда, Үнді марихуанасының үлкен плантациялары өсіріледі, кейде олардың сабағы 4 метрге дейін жетеді, - деді ол. 

Мұхаметқалиев  атағандай, мұндай алқаптарда жұмыс жүргізу үшін қылмыскерлер егістікті  жинау үшін жасырын қоймалар жасақтап, өсімдіктерді тамшылатып суару жүйесін құрып жатады.

 Мұндай алқаптарға назар аудартпау үшін жұмысшылар мамыр айынан қазанға дейін егіс басында тұрып жұмыс істейді, оларға мезгіл-мезгіл азық-түлік пен барлық қажетті заттар жеткізіліп отырады. Осындай фактілерді анықтау үшін біз маусым мен қазан аралығында ІІМ арнаулы жасағының және Ұлттық Ұланның жауынгерлерімен бірлесіп Қызылорда облысы мен оған іргелес аудандарда тікұшақпен барлау жасаймыз. Жыл сайын осындай 60-қа жуық плантация анықталып, жойылады. Бұл шамамен марихуана егілген 20 гектар жер. Жыл сайын 20 тоннадан астам есірткі тәркіленеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы