Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

24 Желтоқсан 2021, 18:27
3925
Бөлісу:
Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жыл еліміз үшін қызықтар мен қиындықтарға, атаулы мерекелерге толы кезең болды. Биыл қазақстандықтардың басынан өткен ерекше жағдайларды назарларыңызға ұсынамыз.

Шолуды, ең алдымен, елді елең еткізген 10 оқиғадан бастайық:

1. Екі қабырғасын алдырып тастаған Елена Рагузова Барбиге ұқсағысы келетінін айтып, елді таңғалдырды. 22 жастағы қыз белін жіңішкелету үшін ота жасатқан. Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны құлағының пішінін эльфтің құлағындай жасатқан. Енді ол денесіне барлық ақпарат қамтылған чип орнатып, бәрін картасыз төлегісі келеді, сондай-ақ имплант салуды жоспарлап отыр.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

2. 9 тамыз күні Теміртауда мейрамханадағы тойдан қашқан адамдар желіде күлкіге қалды. Бақылау тобының мүшелері келгенде шара қонақтары жертөледегі қосымша шығу есігі арқылы қашып бара жатқан видео ғаламторда тарап кетті.

3. Елордада TikTok-қа ерекше видео түсірмек болған жастар Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына шыққан. Оқиға куәгері 26 шілдеде таңертеңгі сағат 4.30-да полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары 19 және 21 жастағы үш тұрғынды ұстады.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

4. Алматыда күндіз адам көп жиналатын демалыс орындарының бірінде жас қыз барлық киімін шешіп күнге қыздырынды. Қыздың ұятты жерлері жабылған сурет 17 шілде күні әлеуметтік желілерде тарап кетті.

5. 13 тамызда елорданың оң жағалауындағы жол ортасында тұрып билеген ер адам желіні шулатты. 33 жастағы елордалық тұрғын полицияға жеткізіліп, жауапқа тартылды. Өз әрекетімен жол қозғалысы ережесін бұзып, көлік қозғалысына кедергі келтірген мас ер адамды сол жерден өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі ұстады.

6. 1 қыркүйекте қазақстандық оқушылар бір жарым жыл үзілістен соң дәстүрлі форматта оқи бастады. 1-сынып оқушылары үшін "Әліппе" мен "Ана тілі" оқулығы қайта оралды. Алғашқы қоңырауға биыл тек 1-сынып оқушылары қатысты.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

7. 30 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде акробатикалық трюк жасаған ер адам туралы бейнежазба тарады. Видеода ол жүріп бара жатқан көліктен шығып, сальто жасап, қайтадан рөлге отырады. Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

8. Елордада Мәңгілік Ел - Керей мен Жәнібек хандар көшесі қиылысында билеген қыз желілерде адамдардың назарын өзіне аударды. Билеп жүрген қызға белгісіз ер адам келіп, үйіне қайтуын сұраған. Бірақ қыз оған келіспегендіктен, ер адам аяғынан сыммен соқты. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

9. 3 желтоқсан күні Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын шешуге арналған жеткіліктілік шегі артатыны белгілі болды. Келесі жылдан бастап шекті меже ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтерілетіні туралы ақпарат елді шулатты. Президент зейнетақы қорындағы қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

10. Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 20 жасар ана салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 сантиметр болатын алып сәби дүниеге келді. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға болып тіркелді.

Халықтың қабырғасын қайыстырған 10 оқиға:

1. Алматыда қону кезінде АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Ол 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағыты бойынша ұшқан. Бортта болған 6 адамның 4-еуі қайтыс болып, 2-еуі жараланды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

2. Көктемде еліміздің бес елді мекенінде 49 тұрғын үйді су басты, 7 су тасу және 4 автожол учаскесін су шайып кетті.

3. 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде орманға өрт жайылды. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесінде, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған. Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Өрт 12 мамыр күні ауыздықталды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

4. 26 тамыз кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Жарылыстан 17 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккені, үш кісінің хабар-ошарсыз кеткені хабарланды. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

5. 11 қазан күні Қарағандыда әйел шатырдан роупджампинг аттракционынан секіріп, қаза тапты. 33 жастағы қарағандылық биіктігі 30 метр "Созвездие" қонақүйінің төбесінен секірген.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

6.  «Абай» шахтасында метан салдарынан алты адам қаза тапты. 7 қарашадағы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

7. 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кентінде газ баллоны жарылды. Жарылыстан 6 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

8. 22 қарашада Алматы қаласы Жетісу шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен 28 жастағы әйел үш баласымен секіріп кеткен. Балалар 2015, 2016 және 2019 жылы туған. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

9. 25 қарашада елордада бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам зардап шекті.

10. 12 жетоқсанда Маңғыстау ауданының бесінші разъезд аумағында вагон өртеніп кетті. Бұл туралы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Александр Алексеев мәлімдеді. Өртті ауыздықтау үшін Бейнеу станциясының ҚТЖ-нан бір өрт пойызы мен 16 қызметкері жұмылдырылған. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет сағат 19.00-де өртті сөндірген.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

10 маңызды оқиға:

1. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, жыр алыбы Жамбылдың – 175, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, даңқты қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, басқа да тарихи тұлғалардың мерейтойы атап өтілді.

2. 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент сайлауы өтті. Қазақстан заңнамасына сәйкес, Парламент депутаттары бес жылға сайланады.
Мәжілістің құрамы айтарлықтай жаңарды. Атап өтерлік жайт, Мәжіліс мандатына ие болған үш партиядан барлығы 29 әйел сайланды.

3. 15 наурызда Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алғаны туралы ақпарат тарады. Оның америкалық рэпер Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі үздік деп танылған. Ол Grammy ұтқан алғашқы қазақстандық атанды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

4. 26 сәуірден бастап қазақстандықтарға ресми түрде отандық QazCovid-in (QazVac) вакцинасын егу басталды. Осылайша, еліміз әлемде СOVID-19 індетіне қарсы өз вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған саусақпен санарлық елдердің санатына қосылды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

5. Жазда Жапония астанасы Токиода өткен Олимпиада ойындарынан қазақстандық спортшылар 8 қола медальмен оралды.  

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер


Спорттың 27 түрінен 97 спортшыны бәйгеге қосқан Қазақстан 93 елдің арасынан жалпы медальдік есепте 83-ші орынға табан тіреді.

6. 25 шілде күні Қазақстанда аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауыл округі әкімдерін сайлайды.

7. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасында 10 жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жетті. Халықтың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы – әйелдер.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

8. Қыркүйекте Токиода өткен Паралимпиада ойындарынан қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль алып келді. Жалпыкомандалық есепте Ұлттық құрама 52-орынды иеленді.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

9. 10 қарашада Қазақстан COVID-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын алды. Қол қойылған келісім аясында Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 млн 230 мың дозасы сатып алынды.

Жыл қорытындысы: Қызықтар мен қатерлер

10.  16 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады. Салтанатты жиында Президент егемендікке жетудің қиын-қыстау жолы мен тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы