Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында жас әйелдің жоғалып кеткеніне бір жылға жуық уақыт өтті. Оны Lider.kz еріктілері полициямен бірлесіп әлі күнге дейін іздестіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еріктілер бірнеше рет іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, түскен барлық ақпаратты тексерген. Алайда әзірге әйелдің қайда екені анықталмады. Жоғалған азаматшаға қатысты бағдарлама еріктілердің Instagram парақшасында жарияланған.
Жоғалған азаматша – Аманклышова Жайна Жеңісбайқызы, 1993 жылы туған. Ол 2025 жылдың 8 маусымында таңғы сағат 06:00 шамасында Қаскелең қаласы, 30-квартал, Новостройка мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Белгілері: – бойы 175–178 см
– арық денелі
– шашы ұзын, қара, бұйра
Жоғалған кезде үстінде қара футболка мен ақ шалбар болған. Қасында жеке заттары салынған пакет және ұялы телефоны болған.
Еріктілер қазақстандықтарды ұқсас адамдарға назар аударуға шақырады.
Егер сізде жоғалған әйелдің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, төмендегі нөмірлерге хабарласу сұралады:
📞 +7 701 375 92 91
📞 +7 705 105 31 31
немесе 102 нөміріне хабар беруге болады.