Жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыспен қамтылады

3 Сәуір 2020, 12:14
1213
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыспен қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ өңірлермен бірлесіп, "халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің" Кешенді жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысын аяқтады.

Алдын ала бағалау бойынша, аталмыш жоспар шамамен 690 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді, оның ішінде мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар шеңберінде - 475 мың адам және дағдарысқа қарсы шаралар аясында - 215 мың адам. Бұл ретте әрбір үшінші жұмыс орны тұрақты болады - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Кешенді жоспар аясында жергілікті жерлерде мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға – өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және уақытша жұмыссыз азаматтарды тарту көзделген.

Сондай-ақ, Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралар аясында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін, республикалық және коммуналдық меншіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын, инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ елді мекендерді абаттандыру жобаларын іске асыру қарастырылған. Қазіргі уақытта өңірлерде жобаларды іріктеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы