Жыл басынан бері пневмониядан 4042 адам қайтыс болған

3 Тамыз 2020, 13:07
1518
Бөлісу:
Жыл басынан бері пневмониядан 4042 адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да онлайн өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. 

Біз пневмониямен ауырғандардың санын жасырып отырған жоқпыз. Ол электрондық жүйеде тұр. 1 қаңтардан 2 тамызға дейін науқастар саны 3,3 есеге өсті. Ал қайтыс болғандар саны 1,9 есеге өсті. Пневмонияны неге КВИ көрсеткішіне қоспайсыздар деген сұраққа жауап берсек, 1 тамызға дейін пневмония халықаралық аурулар классификациясында ол "пневмония" деген аурумен жіктеліп, электронды жүйеге түсті. Оны әрбір дәрігер жіктеп, осы жүйеге салып отырады. Қазір дәрігерлер науқастарды емдеуден енді бас көтеріп, әл жинап жатыр, - деді ол. 
Ажар Ғиният тамыздан бастап дәрігерлер ДДСҰ берген код бойынша науқастарды жаңадан жіктейтінін айтты. 
Былтыр 1 қаңтардан 2 тамызға дейін 2033 адам қайтыс болса, биыл 1 қаңтардан 2 тамызға дейін 4042 адам қайтыс болды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы