Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Данияр Биғайдаров «AntikorNews» жобасы аясында өткен брифингте айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткен 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу іс тіркеді. Оның ішінде 271-і сотқа жолданып, 117 адам жазаланды. Азаматтар жемқорлық үшін әкімшілік және қылмыстық жазаның бар екенін ескеру керек, - деді ол.
Биғайдаров айтып өткендей, лауазымды тұлғаға пара бергені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Оған қоса айыппұл мен қосымша санкциялар бар. Мәселен, мүліктен айыру мен өмір бойына белгілі бір қызметті атқаруға тыйым салу. Азаматтар жемқорлық жасау кезінде әлеуметтік жауапкершілік бар екенін білмейді. Жемқорлық дерегі тіркелген адамдар бүкіл ұрпағының атына кір келтіреді. Сараптама көрсеткендей, параны көп жағдайда жеке компаниялардың басшылары беретіні белгілі болды. Олар жеке кәсібіне қатысты кедендік, баж процесін жеделдету, рұқсат беру қағазын алу сынды істер үшін пара береді, - деді ол.