Жыл басынан бері Өскеменде 15 сотталушы мерзімінен бұрын босатылды

9 Наурыз 2021, 15:56
1607
Бөлісу:
Жыл басынан бері Өскеменде 15 сотталушы мерзімінен бұрын босатылды

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сотты болып жаза кесілген сотталушылар жақсы мінез танытқандары үшін мерзімінен бұрын босатылуда.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Солжағалау аудандық пробация қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері сотты болып жаза кесілген 15 қала тұрғыны жақсы мінез-құлық танытқаны үшін мерзімінен бұрын босатылған екен. Бұл көрсеткіш Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған адамдардың 8 пайызын құрайды.

Бөлімнің есебінде тұрған сотталғандар тарапынан тәртібі жақсы болған, есепте тұрған уақытта жақсы мінез-құлық танытқан азаматтардың жазған қолдау хаттарына сәйкес, іс-құжаттары сотқа жіберіліп, 15 адам мерзімінен бұрын босатылды, - дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Гүлжан Таткенова.

Мерзімінен бұрын босатылғандардың арасынан мысал келтірер болсақ, сотталған бір азамат өзінің мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен түзелгенін дәлелдеп, 2021 жылдың 18 ақпанында Өскемен қалалық №2-ші сотының қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Онлайн өткізілген сот отырысы барысында сотталғанның жазған қолдаухаты қанағаттандырылып, өтелмеген 1 жыл 9 ай мерзімінен бұрын босатылды.

 


Өзгелердің жаңалығы