Жыл басынан бері коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді

27 Қаңтар 2025, 11:54
225
Бөлісу:
Жыл басынан бері коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елімізде тұрақты түрде КВИ-ге қарсы сырқаттануды анықтау үшін мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 1 қаңтардан бастап республикада коронавирустық инфекциялардың 51 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есе төмен. Бүгінгі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай ретінде қабылданбайды. Ауру негізінен жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, науқастар амбулаториялық жағдайда ем алады, - деді ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.

Бұған дейін Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында Сархат Бейсенова елімізде тұмауға қарсы 2,3 млн адам екпе алғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы