Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 188,4 млрд теңге жәрдемақы алды

21 Қыркүйек 2021, 22:10
2714
Бөлісу:
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 188,4 млрд теңге жәрдемақы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы қаңтардан бастап тамызды қоса алғандағы аралықта көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 188,4 млрд теңгеге орта есеппен 447,1 мың отбасы қамтылды.

Соның ішінде тамызда жәрдемақының бұл түрін 452,3 мың отбасы жалпы сомасы 23,8 млрд теңгеге алды.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы