Жыл басынан бері елімізден 25 мың адам көшіп кеткен

13 Қараша 2021, 10:48
1391
Бөлісу:
Жыл басынан бері елімізден 25 мың адам көшіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қаңтар-қыркүйек айының есебі бойынша елімізге көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны екі есе көп екен. Бұл туралы Ranking.kz жазады.

Елден кетіп жатқандардың көбі Ресей мен Польшаға қарай көшкен.

Жыл басынан бері елімізге сырт елдерден 7,2 мың адам көшіп келген. Бұл былтырмен салыстырғанда 21,5 пайызға аз.

Ал Қазақстаннан сырт елдерге көшкендер саны 25,3 мың адам. Былтырғы жылмен салыстырсақ, бұл 20,1 пайызға көп.

Сырттан келгендердің 1,5 адам Маңғыстау облысына, 1,3 мың адам Алматы мен Шымкент қалаларына және Қызылорда облысына табан тіреген.

Қарағанды (3,7 мың), ШҚО (3,3 мың) және Павлодар облысынан 2,7 мың адам өзге елдерге көшіп кеткен.

Елімізге Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден көшіп келіп, керісінше Ресей, Германия мен Польшаға қоныс аударып жатқанда өте көп.

Өзгелердің жаңалығы