Жыл басынан бері астаналықтарға қанша айыппұл салынды

29 Тамыз 2024, 19:33
371
Бөлісу:
Жыл басынан бері астаналықтарға қанша айыппұл салынды
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Жыл басынан бері Полиция департаменті 808 мыңға жуық бұзушылық анықтап, жалпы соммасы 9 млрд 154 млн 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елордадағы коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоқжұманов мәлімдеді.

Жыл басынан бері қалада барлығы 615 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 563 адам жарақат алған. Ал жаяу жүргіншілердің кінәсінен 83 адам алған. 

Бауыржан Тоқжұмановтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептері: 

  • маневр жасау ережелерін бұзу (149 адам жарақат алды);
  • қиылыстың жүру ережесін бұзу (167 адам жарақат алды);
  • реттелетін қиылыстың жүру ережелерін бұзу (135 адам жарақат алды);
  • реттелмейтін қиылыстың жүру ережелерін бұзу (32 адам жарақат алды);
  • жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережесін бұзу (95 адам жарақат алды);
  • реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінің жол жүру ережелерін бұзу (65 адам жарақат алды);
  • реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің жүру ережесін бұзу (30 адам жарақат алды).

Жаңа оқу жылы қарсаңында елордада «Назар аударыңыз, балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Астана қаласының Полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол жағдайларын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мектептер, балабақшалар және басқа да білім беру нысандары ауданындағы жолдарға кешенді тексеру жүргізді. Тексеру барысында барлық қажетті техникалық реттеу құралдарының (бағдаршамдар, жол белгілері, жасанды жол дөңестері және т.б.) болуына, сондай-ақ олардың көрінуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша барлығы 147 ұйғарым шығарылды, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы