Жыл басынан берi Ақмола облысына 125 млрд теңге инвестицияланды

16 Шілде 2019, 20:12
1344
Бөлісу:
Жыл басынан берi Ақмола облысына 125 млрд теңге инвестицияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Маслихат депутаттарының алдында есеп берген Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді.

Аймақ басшысының айтуынша, жыл басынан берi өңiрдiң экономикасына 125 млрд теңге инвестицияланып, өсiм 115,2% құрады.

Тартылған сыртқы инвестициялар көлемi 1,8 есе өсiп, 12 млрд теңге шамасында құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда сыртқы инвестицияның үлесi 7%-дан 10,3%-ға дейiн өстi.

Сонымен қатар, өңiр басшысы атап өткендей, инвестициялық белсендiлiгiне қарамастан облыс өзге өңiрлермен салыстырғанда сыртқы инвестициялардың үлесi бойынша әзiрше қалып келедi.

«Елбасының инвестициялар тартудың кешендi «экожүйесiн» құруға қатысты тапсырмасына сәйкес, жақын күндерi «Атамекен» кәсiпкерлер палатасымен және Kazakh Invest өңiрлiк өкiлдiгiмен бiрлесе отырып Бiрыңғай өңiрлiк «фронт-офис» ашылады, ол осы бағыттағы жұмысты қайта форматтауға мүмкiндiк бередi. Ал, инвесторлар мен бизнесмендер «бiр терезе» қағидаты бойынша қажеттi қызметтердiң барлық кешенiн бiр жерден алатын болады», - дедi Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы