Бәйтерекке жыл басынан бері 90 мыңнан астам адам келген

15 Сәуір 2019, 12:47
2684
Бөлісу:
Бәйтерекке жыл басынан бері 90 мыңнан астам адам келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ескерткішке келетіндердің саны мереке және демалыс күндері арта түседі, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Астана-Бәйтерек» монументі Қазақстан астанасының символы және қаланың басты көрікті жерлерінің бірі.

Мәдениет және спорт басқармасының хабарлауынша, жыл басынан бері 93 334 адам «Бәйтерекке» саяхат жасады.

Бірінші тоқсанда адамдардың ең көп келген кезі мереке және демалыс күндеріне сәйкес келген.

Биылғы жылы ескерткішті Ұлы Отан соғысының қатысушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі адамдар және халықтың басқа категориясы тегін көре алды.

Еске салайық, ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесі елордада өткен кезеңде монументке келушілердің рекордтық саны тіркелді.

Содан кейін алты ай ішінде, маусымнан бастап 2017 жылдың желтоқсанына дейін ескерткішке 500 мыңнан астам адам келген.

«Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды. Құрылымның биіктігі - 100 метр, құрылымы - 105 метр. Шардың диаметрі 22 метр.
Өзгелердің жаңалығы