Осы жылдың басынан 716 нысан eQonaq туристерді есепке алу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде пәтерлер мен апартаменттер, қонақ үйлер және жалға берілетін үйлер бар. Сондай-ақ eQonaq жүйесіне жатақханалар, сауықтыру орталықтары, кемпинг және туристік базалар кірді.
eQonaq жүйесі бірден бірнеше маңызды функцияларды орындайды. Мысалы, Қазақстанға келетін қонақтар ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және т.б. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге көптеген нысандар қосылып жатыр. Сондықтан біз алға қойған міндеттерге біртіндеп жақындап келе жатырмыз деп айтуға болады, — деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.
eQonaq жүйесі 2020 жылдың соңында іске қосылған. Осы уақыт ішінде оған 3214 заңды тұлға тіркелді.