Жыл басынан бері 260 кг жуық бекіре тұқымдас балық пен 8 кг қара уылдырық тәркіленді

27 Қараша 2020, 15:48
2152
Бөлісу:
Жыл басынан бері 260 кг жуық бекіре тұқымдас балық пен 8 кг қара уылдырық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Көлік полицейлері Атырау қаласының халықаралық әуежайында азаматтардың жеке заттарын тексеру кезінде жолаушылардың бірінің сөмкесінен жалпы салмағы 9 кг болатын бекіре тұқымдас балығын тауып, тәркіледі.

Жыл басынан бері 260 кг жуық бекіре тұқымдас балық пен 8 кг қара уылдырық тәркіленді

Тексеру барысында сөмке иесінің Батыс Қазақстан облысының 33 жастағы тұрғыны екенін анықталды. Ол «Атырау-Мәскеу» бағытындағы әуе рейсімен ұшпақ болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен, яғни, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Құқықбұзушы Атырау қалалық №2 сотының үкімімен 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. 

Еске сала кетейік, осы жылдың басынан бері Көлік полициясының қызмет көрсету аумақтарында өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысудың 36 фактісі тіркеліп, жалпы салмағы 259 кг бекіре тұқымдас балығы мен 8 кг қара уылдырық тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы