Жыл басынан бері 25 мыңнан астам адам елден кеткен

<p style="text-align:justify;"> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады. </p>

 20 Қараша 2021 2021, 19:44
20 Қараша 2021 2021, 19:44
1524

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 7246 адамды, елімізден кеткендердің саны 25322 адамды, көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 2020 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2%-ға артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).

Наверх