Жыл басынан бері 12 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді – Юрий Ильин

23 Желтоқсан 2021, 12:44
835
Бөлісу:
Жыл басынан бері 12 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді – Юрий Ильин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміз бойынша 12 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді. Статистика өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға төмендеген. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин брифингте мәлімдеді.

Бөлімшелердің көмегімен 11 мыңнан астам адам құтқарылды, 12 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 4 мыңнан астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Барлығы 76 мыңнан астам шығулар болды. Жыл басынан бері авиациямен бір мыңнан астам ұшулар болып, санитариялық желі бойынша – 660, 632 пациент тасымалданды, - деді ол.

Министрдің айтуынша, трассалық медициналық-құтқару пункттері 2 мыңнан астам зардап шеккен жанға медициналық көмек көрсеткен. Мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылды, өзін-өзі емдегендерге 748 медициналық көмек көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы