Жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен

11 Шілде 2024, 03:35
540
Бөлісу:
Жыл басынан бері 100-ден астам бала терезеден құлап кеткен

Биыл 102 бала ашық терезелерден құлап зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балалардың терезеден құлауы жиілеп, жазатайым оқиғалар көбейеді.

Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек болып қалады немесе қаза болады. Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабар түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелген.

Қазақстан ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы