Жыл соңына дейін 8 мыңнан астам астаналық баспаналы болады

6 Мамыр 2020, 23:50
1270
Бөлісу:
Жыл соңына дейін 8 мыңнан астам астаналық баспаналы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада жеңілдікпен берілетін 8 мыңнан астам пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлады. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов Р. Қошқарбаев даңғылы мен Айнакөл (№23-17), Р. Қошқарбаев пен А 104 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысында орналасқан бірқатар әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.

Әлеуметтік пәтерлердің жалпы ауданы — 500 мың шаршы метр. Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үйлердің құрылысы кезінде "қадамдық қолжетімділік" қағидасын ескеру қажет екенін атап өтті. Жаңадан салынған тұрғын үйлер барлық жағынан ыңғайлы болуы керек. 

Тұрғын үйлердің қасында адамдардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандар болуы керек. Жаңадан салынған үйлердің бірінші қабатында балаларға арналған шағын орталықтар, емхана, полиция пунктін, оңалту орталықтарын ашқан жөн. Баланы мектепке не балабақшаға апару үшін қаланың басқа шетіне бару қажеттілігі туындамайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл құрылыс көлемі үш есе ұлғаяды. Егер 2019 жылы 2900 тұрғын пәтер алса, биыл 8 мыңнан астам пәтер беріледі, - деді Алтай Көлгінов. 

Сонымен бірге елордада апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 5 апатты үйді бұзып, 200-ден астам пәтер тұрғындарын көшіру жоспарланып отыр. 2

019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Тұрғындарды көшіру жұмыстары 39 разъезде де жүргізілді. Үйлер мұнай базаларына жақын жерде орналасты.

Өзгелердің жаңалығы