Жүзуден Қазақстан кубогының иегерлері анықталды

10 Желтоқсан 2023, 18:30
686
Бөлісу:
Жүзуден Қазақстан кубогының иегерлері анықталды
Фото: olympic.kz

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан кубогі додасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар еліміздің төрт рекордын орнатып, өз нәтижелерін жақсартты. Соңғы жарыс күнінде Глеб Коваления 50 метрге еркін әдіспен жүзуден рекорд жаңартып, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағын алды.

Қазақстан кубогінің иегерлері:

  • Баттерфляй әдісі: София Әбубәкірова, Әділбек Мусин;
  • Шалқалай жүзу: Ксения Игнатова, Егор Попов;
  • Брасс әдісі: Аделаида Пчелинцева, Арсен Қожахметов;
  • Еркін әдіс (спринт): Ксения Игнатова, Еламан Бибулаев;
  • Еркін әдіс (стайер): Диана Тасжанова, Балабек Ғалымжан;
  • Кешенді әдіс: София Әбубәкірова, Егор Попов, Михаил Царев.
Өзгелердің жаңалығы