Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналистерді хайуанға теңеген депутаттың әрекетіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Самат Нұртазаның Facebook-те журналистерді қолтырауынға теңеген жазбасының орынсыз қалжың екенін айтқанын жазған едік.
Мәжіліс спикері әріптесінің әрекетіне қатысты ойын білдірді.
Қолтырауынға немесе басқа хайуанатқа теңеуге болмайды. Егер шынында осындай мәселе болса, онда депутатқа ескерту жасалады, - деп айтты Қошанов журналистердің сұрағына жауап бергенде.