Тоқаев журналист мәртебесі туралы: Президент ретінде шешімімді шығарамын

10 Маусым 2019, 18:59
3755
Бөлісу:
Тоқаев  журналист мәртебесі туралы: Президент ретінде шешімімді шығарамын
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі журналистердің мәртебесіне қатысты пікірін білдірді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Ақордадағы брифинг барысында.

«Бізде журналистердің мәртебесі туралы заң жоқ. Біз ешқандай топқа жатпаймыз. Сол статус туралы заң қабылдауға өзіңіз мұрындық боласыз ба? Бұған көзқарасыңыз қандай?» - деген журналист сұрағына былай жауап берді.

«Бұл – өте өзекті мәселе. Мәселені жақсылап тұрып қарауымыз керек. Егер керек болатын болса, мен Үкіметке тиісті тапсырма беремін. Келешекте журналистердің мәртебесі туралы, егер қажет болатын болса, тиісті заңды қабылдаймыз. Я болмаса, мен өзім президент ретінде шешімімді шығарамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізде болса, Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау барысында кандидаттардың барлығына анық мүмкіндіктер жасалғанын айтқан болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінің қашан өтетінін айтты. Сондай-ақ, Президент Үкімет отставкаға кетпейтінін, бірақ кадрлық тағайындау болатынын ескертті. Ол билік транзиты жайлы және жас кезінде журналист болғысы келгенін де жасырмады.

Өзгелердің жаңалығы