Журналист 15 жыл жасырып келген жолдасын көрсетті

Бүгiн, 00:11
342
Бөлісу:
Журналист 15 жыл жасырып келген жолдасын көрсетті
Фото: әлеуметтік желі

Тележүргізуші Дина Төлепберген 15 жылдан кейін күйеуімен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тележүргізуші отбасындағы ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы ой өрбіткен.

Ол саған есік ашып жүр ме, сонда? Әріптестерімнің осы бір мазағы әлі күнге дейін құлағымда. Олар менің болашақ жұбайымның жұмыс алдына келіп, көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген екен. Әлдеқайдан бір әңгіме естіп алғандай, мысқылмен күлкісін жасыра алмай отыр. Бұл 2010 жыл еді. Қазір 2025. Он бес жыл өте шығыпты, бірақ таңғалатыным – ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбыр жауса қолшатырды ұстау, шотты төлеу – осылардың бәрі әлі бітпейтін тақырып. Ең қызығы – еркектің қарапайым құрметін кей «данышпандар» мазаққа айналдырады, - дейді Дина Төлепберген.

Сонымен қатар, кейбір ер-азаматтардың әрекетін сынға алды.

Журналист 15 жыл жасырып келген жолдасын көрсетті

Ақылды біреу айтқан екен: адам – табиғатынан жақсы. Егер ол жамандық жасаса, жүрек түкпірінде бір жері бәрібір ауырып тұрады. Бірақ ұятын жеңу үшін, яғни өз кінәсін ақтап алу үшін өзгеден мін іздеуге көшеді. Мысалы, бір еркек әйеліне опасыздық жасап қойды делік. Бірақ өзін ақтау үшін : «Маған көңіл бөлмейді», «Өзін күтпей кеткен», «Толып кетті...», «Қанша ақша берсең де, жетпейді». Осылайша өз күнәсін өзгенің мойнына арта салады. Бір түндік романдарға әуес жігіттердің «Мен тек пәк қызға үйленем» деп күпінетініне таңғаламын. Иә, «Еркектік логика» деген өте қызық ғылым екен, - дейді тележүргізуші.

Өзгелердің жаңалығы