Жүргізушілерге жақсы жаңалық: Қыста көлікті қыздыру ережесі өзгеруі мүмкін

ІІМ бұл ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.

Бүгiн 2026, 10:23
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 10:23
Бүгiн 2026, 10:23
210
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Ерболат Бекболат

Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода көлікті қыс мезгілінде қыздыруға қатысты тыйымды алып тастауды ұсынды. Бұл мәселе Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы аясында көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, бір жыл бұрын көлікті ұзақ уақыт қыздырғаны үшін айыппұл салу нормасы қоғамда үлкен пікірталас тудырған.

Осыған байланысты түрлі ұсыныстар айтылды. Қазіргі заң жобасы аясында біз елді мекендерде қыста көлікті қыздыруға қойылған тыйымды толық алып тастауды ұсынып отырмыз. Алайда арнайы белгі қойылған тұрғын аймақтарда шектеулер сақталады, – деді Колода.

Бұл сұраққа жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов осы ұсынысты ведомство қолдайтынын айтты.

Бұл мәселе жұмыс топтарында қаралды. Ішкі істер министрлігі ұсынысты қолдайды, – деді ол.

Енді ұсыныс қабылданса, қыс мезгілінде жүргізушілер үшін талаптар жеңілдеуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін автокөлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынатыны туралы жазған болатынбыз. 

Кейін депутаттар Үкіметке көлікті 5 минут қыздыруға қатысты сауал жолдады.  

Наверх