Түркістан облысында жүргізуші куәлігін жасап беремін деп жалған уәде берген алаяқ анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында бұрын алаяқтық қылмысы бойынша сотты болып, қайта қылмысқа барған 27 жастағы күдіктіні ұстады.
Белгілі болғандай, күдікті жігіт бейтаныс тұрғынның сеніміне кіріп, "жүргізуші куәлігіңді жасап беремін" деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 350 мың теңге ақшасын алып, байланысын үзген. Қазіргі таңда күдікті жігіт қамауға алынып, іс сотқа жолданды.