Жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға тырысқан ақтөбеліктер алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ақтөбе қаласының үш тұрғыны жүргізуші куәлігін заңда белгіленген тәртіпті айналып өтіп, заңсыз жолмен алмақ болған. Сөйтіп, олар алаяқтың сөзіне сеніп, қомақты қаржыдан айырылып қалған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде берген 55 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті үш жәбірленушінің әрқайсысынан 500 мың теңгеден алып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде көлік құжаттарын заңсыз рәсімдеген әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.