Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы "Лесная поляна" тұрғын алабында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
5 сәуір күні Қосшы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында “Kia Sportage” автокөлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші 2023 жылы туған кәмелетке толмаған қыз баланы қағып кетті. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.
Жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама Қосшы қаласының полиция бөліміне 5 сәуір күні сағат 15:40-та түскен. 2 жасар қыз үлкендердің қарауынсыз жолдың жүру бөлігінде болған.
Қазіргі уақытта күдікті үйқамақта отыр. Қайғылы оқиғаның басқа да мән-жайлары қылмыстық іс аясында тергеу барысында анықталатын болады.
Үйқамақта отырған әйел 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.