Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұп сүйікті итін құтқару үшін тойын кейінге қалдырды

Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ұлыбританияда бір жұп сүйікті итін емдету үшін үйлену тойын кейінге қалдыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

30 жастағы Линдси Мур мен 33 жастағы Крис Беннетт 23 мамыр күні шаңырақ көтеруді жоспарлаған. Олар той өтетін орынды, безендіруді, киімдерді, визажист қызметін алдын ала төлеп қойған, сондай-ақ қалыңдық көйлегі мен неке сақиналарын да сатып алған. Алайда бұл жоспарлардың бәрін олардың Гас есімді лабрадорын аман алып қалу үшін өзгертуге тура келді.

Жұп сүйікті итін құтқару үшін тойын кейінге қалдырды

Тойға шамамен алты апта қалғанда иттің сол жақ артқы аяғы ақсай бастаған. Компьютерлік томография бүйректерінің арасында орналасқан ірі ісікті анықтады, ол жамбас сүйегінің екі жағына да таралған болып шықты. Ветеринарлар оған хирургиялық жолмен алып тастауға келмейтін жұмсақ тіндердің саркомасы диагнозын қойған.

Итке 12 мың фунт стерлинг (шамамен 6,5 млн теңге) тұратын сәулелік терапия курсы тағайындалған. Бұдан бөлек, ай сайынғы инъекциялар мен өзге де процедураларға 1200 фунт (шамамен 650 мың теңге) қажет. Ерлі-зайыптылардың ветеринарлық сақтандыруы болғанымен, ол жылына тек 10 мың фунтты (шамамен 5 млн теңге) ғана өтейді. Ал емдеудің жалпы құны кемінде 20 мың фунтқа (шамамен 10 млн теңге) жетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы