Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жұмыссыздар МӘМС жарнасын өздері төлемейді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
30 Сәуір 2025, 11:31
818
Бөлісу:

Қазақстанда ресми тіркелген жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарналары жергілікті бюджет есебінен төленуі мүмкін. Бұл норма Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасында көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, әкімдіктердің жұмыссыздықты азайту және халықты жұмыспен қамтуға жауапты екенін ескере отырып, аталған санаттағы азаматтардың МӘМС жарналарын төлеу жергілікті бюджетке жүктеледі.

Бұл шара 2026 жылы қосымша 1 миллионнан астам адамды МӘМС жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді. Жарналар азаматтар алғаш медициналық көмекке жүгінген сәттен бастап, жыл соңына дейін төленеді, - деді ведомство басшысы отырыста.

Сондай-ақ жарна көлемін есептеу кезінде өңірлік орташа айлық жалақы негізге алынбақ. Бұл тәсіл әр аймақтың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін табысы жоғары қазақстандықтар МӘМС жарнасын көбірек төлеуі мүмкін екенін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы