Жұмысқа қабылдану үшін сұқбаттасу. Қалай өту керек?

18 Қаңтар 2024, 11:31
1287
Бөлісу:
Жұмысқа қабылдану үшін сұқбаттасу. Қалай өту керек?
Фото: work.ua

Бірден жұмысқа тұру үшін сұқбаттасуда қажет кеңестер тізбесін ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Арманыңыздағы жұмысқа тұрғыңыз келіп, сұқбаттасу кезеңіне жолдама алдыңыз. Осы кезең сіздің қызметтегі тағдырыңызды шешетінін айқын біліп тұрсыз, бірақ өзіңізге сенімділік жоқ. Осындай жағдайда біз ұсынатын кеңестерді оңтайлы пайдалансаңыз, жұмыс берушінің көңілінен шығып қана қоймай, сұранысқа ие маман боларыңыз сөзсіз.

Дайындықпен барыңыз

Сіз бұл кезеңге кездейсоқ бара алмайсыз. Сұқбат жүргізу – мұқият дайындалуды қажет етеді. Жұмысқа тұруға ниеттеніп отырған компания туралы зерттеңіз, ғаламтордан соңғы уақыттағы жетістіктері туралы біршама ақпарат жинап барыңыз. Сондай-ақ, өзіңізді психологиялық тұрғыдан дайындаңыз, сенімді болыңыз. Алғашқы кездесу тағдыршешті болады. Сондықтан өзіңізді алғашқы кездесуде қалай көрсетесіз, соған қарай сіз туралы пікір қалыптасады. Келісілген уақыттан жарты сағат ерте барып, компанияның аурасын зерттеңіз.

Ерекше сөйлеуден бастаңыз

Әңгімені ауа райының кереметтігінен, кеңсені мақтаумен, мерекемен құттықтау арқылы немесе осы секілді кез келген нәрсемен бастаңыз. Бұл сізді басқалардан ерекше етуге, екіншіден өзіңізді тыныштандыруға, айналаңызға қарауға, күш жинауға мүмкіндік береді.

Әңгімені монологқа айналдырмаңыз

Алдымен компания өкілінің сұрақтарын, пікірін, сұранысын мұқият тыңдап алыңыз. Содан кейін ғана өзіңіз туралы толық, нық, нақты ақпараттарды ғана айтыңыз. Кездесудің бастапқы кезеңінде" тыңдау" 80%, ал "сөйлеу" 20% болуы керек. Аз уақытта өзіңіз туралы көп ақпарат беруге тырысыңыз.

Сенімді байланыс орнатыңыз

Егер сенімді байланыс орнатылса, кез келген байланыс жартылай сәтті болады. Сізді танымайтын адам сізге сенуі үшін онымен бір тілде, бір толқында сөйлесу керек. Ол үшін тыңдай және ести білу керек. Егер басшыңыз үлкен адам болса, онда сіз онымен кеңес заманының сөздерімен сөйлесуіңіз керек, ал жасы кіші, заманауи адам болса, қазіргі трендтегі сөздерді қосып әңгімелескен жөн.

Сыртқы келбетке мән беріңіз

Адам туралы алғашқы әсер кездесудің алғашқы 30-40 секундында қалыптасады. Сол себепті бет-әлпетіңізге, қозғалысыңызға, ұқыптылық пен көрнекілігіңізге аса мән беріңіз.

Сұқбаттасуға іскерлік стиль керек. Әдемі қанық түсті көйлек, әдемі брошь, сөмке және әшекей-бұйымдар қосқан дұрыс. Ал ер адамдарға ашық түсті жейде киген дұрыс. Ашық түс сізді көпшіліктен ерекшелеп, мінезіңізден хабардар етіп тұрады. Сондай-ақ кездесуге келер де аяқ-киіміңіздің тазалығына мән беріңіз.

Сұқбаттасуға жиі барыңыз

Сіз барған әрбір сұқбат - бұл сіз ақылды, кәсіби және сенімді ететін тәжірибе алаңы. Дәл қазір жұмысыңызды өзгертуге дайын болмасаңыз да, мұндай әңгімелесулерге бару пайдалы. Себебі осындай кездесулерден соң сіз өзіңіздің қаншалықта нарықта екеніңізді түсіне аласыз, өз мүмкіндіктеріңізді бағалай аласыз. Ішкі жан-дүниеніңізбен тілдесіп, дұрыс, қалауыңыздағы жұмыс орнына алмаса аласыз.

Өзгелердің жаңалығы