Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 Подстепнов орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген мектеп директоры А.А.Қаймулдиновқа қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
29 қарашада Теректі аудандық сотының үкімімен А.А.Қаймулдинов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей құқығынан айырылып, 9 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, - делінген ведомство хабарламасында.