Жұмыс берушіге айлықты көтересің деп талап қоя алмаймыз – Оспанқұлов

21 Қазан 2022, 14:00
1026
Бөлісу:
Жұмыс берушіге айлықты көтересің деп талап қоя алмаймыз – Оспанқұлов

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2015 жылдан бастап Еңбек кодексіндегі мәселе жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынаспен шешіледі. Сондықтан бір мекеме жалақыныны 50 пайызға көтергеннің өзінде сондай қызметті жасап жатқан басқа мекеме экономикалық жағдайы келмейтін болса, айлықты көтере алмайды ғой. Ал жұмыс берушіге айлықты осыншаға көтересің деп талап қоя алмаймыз, - деді ол.

Оспанқұлов жұмыс беруші жұмысшыларымен келісе отырып, жалақыны 5-15 пайызға болсын көтеріп, жұмысшыларымен ауызбіршілік табу керегін айтады. Алайда комитет төрағасы жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілермен жұмысшылардың жалақысын көтеру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын да хабарлады. 

Нәтижесінде биылғы жылдың басынан бастап 1,9 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын 5-тен 50% - ға дейін көтерді, - деді ол. 

Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлерге тең еңбек үшін тең ақы төлеуді, сондай-ақ қандай да бір кемсітусіз тең өндірістік-тұрмыстық жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы