Орал қаласында қарашадан бастап «Час-Пик» атты акциясы басталды, оның шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары «Алтындар» супермаркеттер желісінде үстеме бағасыз сатылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Акция аптасына үш рет дүйсенбіден сәрсенбіге дейін Орал уақытымен сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін өтеді. Аталған іс-шара облыс әкімдігі мен «Алтындар» супермаркеттер желісі әкімшілігі арасында бұрын жасалған ӘМАТ бағасының өсуін тежеу және оларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.
БҚО сауда департаментінің басшысы Бақдәулет Ибраимовтың айтуынша, осы акция аясында 1 сортты ұн мен нанды және сиыр етін қоспағанда, 16 түрлі ӘМАТ тауарларын үстеме бағасыз және орташа нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен сатылатын болады.
Мысалы: С1 санатындағы тауық жұмыртқаларын 10 данасына 510 теңгеге, ондағы орташа нарықтық бағасы 550 теңгеден бастап, күнбағыс майын литріне 765 теңгеден, ал орташа нарықтық бағасы 850 теңге, қантты 459 теңге/кг-ға, орташа нарықтық бағасы 540 теңге, сондай-ақ көкөністерді жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бағасымен – картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат сәйкесінше 130, 125, 105 және 140 теңге/кг бағамен сатылады. Облысты әлеуметтік-экономикалық қолдауға белсенді қатысқаны үшін «Алтындар» сауда желісінің басшылығы мен қызметкерлеріне зор алғысымды білдіргім келеді, – деді департамент басшысы.
Айта кетейік, «Алтындар» сауда желісі Батыс Қазақстан облысының ең ірі сауда желісі болып табылады және Орал қаласында және қала маңындағы Бәйтерек және Теректі аудандарында орналасқан 20 супермаркеттер және дүкендермен ұсынылған. Бұл желі жалпы саны 150 мыңға жуық халық тұратын қаланың және қала маңындағы тығыз қоныстанған шағын аудандарды қамтиды.