Жұманғарин мұнай-газ саласын байланысты отырыс өткізді

Кеше, 12:56
250
Бөлісу:
Жұманғарин мұнай-газ саласын байланысты отырыс өткізді
PHOTO
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылы ЖІӨ-нің 4,8%-ға нақты өсуі кезінде 2025 жылға таргет – 7% мөлшерінде деп белгіленіп отыр. Бұл экономиканың нақты секторының инвестициялық жобаларын уақтылы іске асыру кезіндегі өте жоғары, бірақ қол жеткізуге болатын көрсеткіш.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов айтқандай, қаңтар айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 1,53 млн тоннаны құрады немесе өткен жылғы қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда – 104%. Бұл көрсеткіш 2025 жылғы бірінші айдағы жоспардан 0,6%-ға алда.

Жұманғарин мұнай-газ саласын байланысты отырыс өткізді

Қазақстанның ЖІӨ құрылымындағы жалпы мұнай өңдеу үлесі 1%-дан аз (2023 жылы – 0,8%, 2024 жылы 9 айда – 0,6%). Сонымен қатар мұнай өңдеу саласы – бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісі. 2025 жылғы мамырдың соңында "CaspiBitum" БК ЖШС кеңейту жобасын іске асыру аяқталғаннан кейін оның қайта өңдеу қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін ұлғаюы тиіс. 2026 жылы Қазақстанда қайта өңдеу қуатының жиынтық көлемі 18 млн тоннадан 18,5 млн тоннаға дейін өседі.

Вице-премьер ірі қайта өңдеу зауыттары мен шағын МӨЗ жүктемесіне қатысты өзекті мәселелерді тыңдады.

Қандай да бір елеулі сыртқы фактор болмаса, мұнай өңдеу саласында биыл Қазақстанның ЖІӨ-ге үлесін ұлғайтуға жақсы мүмкіндік бар, — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Жұманғарин мұнай-газ саласын байланысты отырыс өткізді

Маңғыстау облысының таргеттелетін физикалық өсу индексінің құрамдас бөлігі жекелей қарастырылды. Осы жылға арналған 7%-дық өсу міндеті кезінде қаңтардың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында (жоспардағы 101%-дан 87,5%-ға) және саудада (нысаналы 105,4%-дың орнына 102%) көрсеткіштердің төмен орындалуы байқалды. Вице-премьер алдағы айларда қойылған жоспардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Еліміздің ЖІӨ-дегі сауданың айтарлықтай үлесін ескере отырып (2024 жылы 19%) штабтың жақын арадағы отырыстарының бірі қоймасы бар сауда мен көлік саласына арналады.

Сондай-ақ штаб отырысында өңірдің бюджеттік-инвестициялық жобаларына қаражаттың төмен игерілу себептері қаралып, талдау жасалды. Вице-премьер шұғыл қаржыландыруды қажет ететін барлық жобаны олардың экономиканың нақты секторына салымды ұлғайтуға әсер ету призмасы тұрғысынан зерделеуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы