Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қарашада мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға арналған беделді, өкілетті және тиімді алаң ретінде танытқан IX Азаматтық форум өз жұмысын бастады.
Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Форумда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов «Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу» тақырыбында сөз сөйледі.
Коммерциялық емес ұйымдарға салық салудың жеке тәртібін қолдану үшін оның талаптары белгіленген. Бұл ұйымдарға кірістер мен пайда табу мақсаты жоқ қоғамдық бірлестіктер, қорлар және басқа ұйымдар кіреді.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, корпоративтік табыс салығы салынбайтын бірқатар кіріс қарастырылған. Мұндай босатылған кірістерге кіру және мүшелік жарналар, ақысыз алынған кез келген мүлік, соның ішінде гранттар, демеушілік немесе қайырымдылық көмек түрінде, сондай-ақ бірқатар басқа кіріс кіреді. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген санаттары әлеуметтік салада жұмыс істейтін ұйымдарға берілген жеңілдік ережелерін қолдана алады. Егер әлеуметтік саладағы қызметтен алынған кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраса, онда салық төлеушілер корпоративті табыс салығын есептелген мөлшерде толығымен кеміте алады. Салық салудың бұл тәртібі медициналық қызмет, білім беру, ғылым, мәдениет және басқа да осыған ұқсас әлеуметтік бағыттағы салаларға қолданылады. Автономды білім беру ұйымдары да кейбір ерекшелігімен корпоративті табыс салығынан босатылды, - деп атап өтті Жұмағұлов.
2019 жылға КТС декларацияларын 21 748 коммерциялық емес ұйымдар ұсынса, олардың жалпы кірісі 516,6 млрд теңге құрады. Салық салынатын табыс 36,1 млрд теңге мөлшерінде айқындалып, 9,1 млрд теңге мөлшерінде КТС төлеуден босатылған.
Жалпы алғанда, коммерциялық емес ұйымдарда ҚҚС бойынша тіркеу шегіне (30000 АЕК) жетпеуіне байланысты, ҚҚС бойынша міндеттемелер туындамайды, бірақ сенімділік үшін айналымнан тікелей босатулар қарастырылған:
- демеушілік көмек алушылар үшін;
- арнайы әлеуметтік қызметтер үшін;
- білім беру қызметтері;
- діни жоралар мен рәсімдер туралы;
- мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізгені үшін;
- бірқатар ғылыми-зерттеу қызметтері;
- мүгедектер ұйымдары;
- медициналық көмек.
2019 жылғы көрсетілген айналымға сәйкес олар 30,3 млрд теңге көлемінде ҚҚС-тан босатылды.
Әлеуметтік салық бойынша жеңілдіктер гранттар есебінен жүргізілген төлемдерді салық салу объектісінен алып тастау түрінде ұсынылған.
Активтерге иелік ету кезінде коммерциялық емес ұйымдар салықтан босату немесе төмендетілген салық ставкасы түріндегі салық жеңілдіктеріне ие.
Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері бір жеңіл автокөліктің (қозғалтқышының көлемі 3000 куб.см-ден артық емес) және бір автобустың көлік салығынан толық босатылады.
Діни бірлестіктер жер және мүлік салығынан босатылды.
Салық кодексіне сәйкес «коммерциялық емес ұйымның» қатарына кіретін ұйымдардың көпшілігі жер салығын 0,1% коэффициентін қолдана отырып есептейді және мүлік салығын салық базасына 0,1% ставкасымен есептейді.
2019 жылы жер салығы бойынша 1 684 төлеуші - коммерциялық емес ұйымдар 5,6 млн теңгеге, мүлік салығы бойынша 114,7 млн теңгеге салық жеңілдігін қолданған.
Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдау коммерциялық емес ұйымдардың қызметіндегі ашықтық пен айқындылықты пайымдайды. Өздеріңіз білетіндей, Салық кодексінің 29-бабының қолданыстағы нормалары мемлекеттік кірістер органдарына шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден алынған, жұмсалған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, ақшаның және (немесе) басқа мүліктің келіп түскені, жұмсалғандығы туралы хабарлау міндеттемесін жүктейді, егер ақша мен мүлікті алушының қызметі құқықтық көмек көрсетуге бағытталған болса, қоғамдық пікірді, сауалнаманы және т.б. зерттеу және жүргізумен байланысты болса, - деп қосты спикер.
Хабарламалар мен ақпараттарды ұсыну ережелері, нысандары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы №241, №242 бұйрықтарымен сәйкесінше бекітілген.
2020 жылдың 6 айында 214 ұйым 8,8 млрд теңге сомасында шетелдік қаржыландыру туралы ақпарат берді.
Көріп отырғаныңыздай, мемлекет тарапынан салықтық қолдау табысқа салық салудан босату тұрғысынан да, мүлікке қатысты да көрінеді. Тиісінше, коммерциялық емес ұйымдардың өздерінің игі миссияларын жүзеге асыруы үшін салықтық кедергілер мен шектеулер жоқ. Біз өз тарапымыздан бұдан әрі де азаматтық қоғамның игі бастамаларын толықтай қолдауға дайынбыз, - деп қорытындылады Қайрат Жұмағұлов.