Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 27 жылдық құпиясын айтты

11 Қаңтар 2024, 19:00
4960
Бөлісу:
Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат 27 жылдық құпиясын айтты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық өнерлі жұптың биыл отау құрғанына 27 жыл толды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі әнші "Жарқын жүздесу" бағдарламасында шаңырақты берік ұстаудың және махаббатты сақтаудың құпиясын бөлісті.

Екеуіміздің отау құрғанымызға - 27 жыл, ал танысқанымызға - 29 жыл болды. Отбасы құрып, бастапқы қиын кезеңнен бірге өттік. Сол ащы мен тұщыны бірге көргеннен болу керек, махаббатымыз сақталды. Маған осындай жар бергеніне шүкір. Жазираны бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін жақсы көретінін білемін, - деді Жанболат Ербатыров.

Ал Жазира Байырбекова күйеуінің жақсы қасиеттерін атап өтті.

Жанболат кез келген уақытта мені сендіре де, көндіре де, тыңдата да алады. Тұрмысқа шыққанда Жанболат ештеңе уәде етпеді. Мені оның анасын сыйлайтыны баурап алды. "Осындай азаматтан туған бала да мені сыйлайтын болады" деп ойладым, - деді Жазира Байырбекова. 

Бұған дейін әнші Ерке Есмахан 11 жыл бөлек тұрған баласына қатысты сырын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы