Жұлдызды жол. Жүздеген оқушы аспан әлемін зерттеп жүр

5 Қыркүйек 2024, 20:00
475
Бөлісу:
Жұлдызды жол. Жүздеген оқушы аспан әлемін зерттеп жүр
Фото: Павлодар облыстық білім беру басқармасы

Ертіс өңірінің оқушылары кәсіби обсерваторияда аспан әлемін зерттеу мүмкіндігіне ие. Бүгінгі таңда жас астрономдар республикалық ғылыми жарыстарда көшбасшылар сапында, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық оқушылар жанындағы "Антарес" клубынан бір жылда 50-ге жуық жас астроном түлеп шығады. Ал клуб ашылғалы, яғни, он жыл ішінде аспан әлемін зерттеп, ғылыми жолды таңдаған ұл-қыздардың санында есеп жоқ.

Астрономия – іргелі ғылымдардың бірі. Ол физика, химия, биологиямен тығыз байланысты. Дәл осы бағыт оқушыларға ғылыми жұмыс жүргізу кезінде зерттеу ауқымын кеңейтуге көмектеседі. Оқушылар сарайы облыстық деңгейдегі қосымша білім беру мекемесі болғандықтан, шәкірттеріміз республикалық маңыздағы олимпиада немесе өзге зияткерлік жарыстарға қатыса алады. Оған қоса, біздің оқушылар астроклубты саналы түрде таңдайды. Олардың ерекше ететін – осы қасиет, - дейді астроклуб жетекшісі Гүлнар Баубекова.

Астрономияға бет бұрған оқушылар жаратылыстану ғылымдарына жақын әрі мамандық таңдауда қиындық көрмейді. Бұған үйірмеге келетін балалардың жетістіктері делел.

Мәселен, Кирилл Сибилев бала кезінен ғарыш тақырыбына қызықты. Ол астрофизикаға бет бұрып, ғылыми жобаларын қорғады. Кейін Қ. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантына ие болып, "Ғарыштық технологиялар" факультетіне түсті. Тағы бір шәкіртіміз Аспандияр Хасенов Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінде "Әуе технологиялары" мамандығы бойынша білім алуда. Жалпы, оқушылардың ішінде техникалық университетте оқып жүргендер көп, - дейді клуб жетекшісі.

Клубтың техникалық базасы жастарға астрофизикалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы