ЖСДП президент сайлауына өз үміткерін ұсынды

<h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы&nbsp;Саяси кеңесі партияның 14-съезін 2019&nbsp;жылдың 26-шы сәуірінде өткізуді қаулы етіп,&nbsp; 9 маусымда болатын&nbsp;президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы ЖСДП баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

22 Сәуір 2019 2019, 13:30
АВТОР
 22 Сәуір 2019 2019, 13:30
22 Сәуір 2019 2019, 13:30
2622

Алматы, BAQ.KZ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Саяси кеңесі партияның 14-съезін 2019 жылдың 26-шы сәуірінде өткізуді қаулы етіп,  9 маусымда болатын президенттік сайлауға Ермурат Бапиды съезге үміткер ретінде ұсынды. Бұл туралы ЖСДП баспасөз қызметі хабарлады.

Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы 1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Мамандығы  – журналист.

ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Зайсан ауданы "Достық" газетінде тілші, университетті бітіргеннен кейін "Коммунизм туы" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, аға тілші (1985-95), Қазақ радиосы бас директорының орынбасары, коммерциялық және тапсырыстық бағыттағы бағдарламалар редакциясының жетекшісі, ҚР Премьер-министрдің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары (1995-97), "Реформа" орталығының консультанты (1998-99), желтоқсан 1999 жылы "Солдат" газетінің бас редакторы. Қазір "Тасжарған" газетінің бас оқырманы.
 

Наверх