Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЖОО түлектері келісімшарт негізінде әскери қызметке шақырылуы мүмкін

Бүгiн, 13:30
112
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков Сенатта өткен брифингте келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру саласындағы жаңашылдық туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, әскери кафедраны аяқтағаннан кейін мемлекет үшін жұмылдыру резерві құрылуына байланысты кейбір тапшы мамандық иелері әскери қызметке шақырылуы мүмкін.

Бізде тапшы мамандық өте көп. Олар: медицина мамандары, психологтар. Одан бөлек тағы көптеген тар бағыттағы мамандықтар бар, – деді Асқар Мұстабеков.

Сонымен қатар ол мұндай мамандық өкілдері мерзімді қызметке емес, келісімшарт бойынша қызметке баратынын нақтылады.

Әскери қызметке түскен кезде келісімшарт жасайды. Бәрі келісімшартқа байланысты. Егер 5 жылға немесе 10 жылға жасаса, сонша қызмет етеді. Бірақ міндетті түрде шақыру әзірге жоқ, – деп атап өтті вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы