"Қарағанды-Балқаш" күрежолы жыл соңында пайдаға беріледі

17 Қыркүйек 2020, 21:25
1795
Бөлісу:
"Қарағанды-Балқаш" күрежолы жыл соңында пайдаға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін Шет ауданына кезекті жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Биыл әлеуметтік нысандарды жөндеуге «Ауыл - Ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары арқасында жақсы қолдау көрсетілді. Жөндеуден өткен орталық аудандық аурухана ғимаратында жаңа заманауи жабдықтардың орнатылғаны көңілге қуаныш ұялатты. Ақсу-Аюлы кентіндегі жаңартылған спорт мектебі де жас спортшыларды қабылдауға дайын. Сондай-ақ Ж.Ақылбаев атындағы эксперименттік гимназияда да жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілген. Ал Киікті ауылында 150 орындық орта мектеп салынуда. Аталған білім ордасы келесі оқу жылында ашылады - дейді әкім.

Ақадыр кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған азаматтарға арналған 12 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталды. 

Сондай-ақ Гагарин атындағы мектеп-лицейінің шатыры мен санитарлық тораптары күрделі жөндеуден өтіп, жаңа спорт корты орнатылды. Сонымен қатар ауылды жарықпен, сумен және жылумен қамтамасыз ететін «Электржабдықтау» ЖШС болып қайттық. Мұнда есептегіштердің көрсеткіштерін беру кезінде алдыңғы қатарлы сандық технологиялар қолданылады. Сондай-ақ диспетчер бағдарлама арқылы тұрғын үйлерде техникалық ақау орын алған жағдайда жүйедегі қысымның төмендегенін көріп, апатты алдын алу үшін тиісті шараларды жылдам қабылдай алады - дейді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, өңір басшысы сапар барысында Ағадырда ақсақалдармен кездесті.

Жергілікті тұрғындар медициналық кадрлар мен сапалы жолдардың жетіспейтінін тілге тиек етті. Кездесу барысында айтылған барлық шағымдар міндетті түрде ескерілетін болады. Сонымен қатар «Қарағанды – Балқаш» жолын салып жатқан мердігерлермен кездестім. Жыл соңына дейін мердігерлер екі жолақ бойынша жол қозғалысын ашуды жоспарлап отыр - дейді облыс әкімі.
Өзгелердің жаңалығы