Жолдаудың жүзеге асуына жастарымыз белсенді араласуы тиіс – Арман Пірзадаев

20 Қазан 2022, 17:37
1133
Бөлісу:
Жолдаудың жүзеге асуына жастарымыз белсенді араласуы тиіс – Арман Пірзадаев

Елордадағы М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Қазақстанның Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылау бойынша пікірталас алаңының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мақсатымыз – Мемлекет басшысының Жолдауын студенттерге насихаттау, олардың ойларын тыңдап, сұрақтарына жауап беру. Әділетті Қазақстан, біртұтас ұлт сынды түсініктерді қарапайым тілмен жастарымыздың санасына сіңіру. Елдің ертеңі деп сенім артып отырған ұрпақтарымыздың мемлекеттік саясатқа, соның ішінде жастар саясатына үлес қосуына жол ашқымыз келді. Жүргізіліп отырған саясаттың жүзеге асуына олардың да алатын орны бар екендігін, Жолдау деген қандай құжат сынды мәселелерге тоқталдық, - деп атап өтті оқу орнының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Арман Пірзадаев отырыстан кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол Парламентте қабылданып жатқан және болашақта қабылданатын заңдардың да маңыздылығын алға тартты. 

Жолдауда қамтылған барлық ауқымды мәселелерді бір отырыста қарастыру мүмкін емес. Дегенмен, білім беру, денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемалар, әлеуметтік көмек көрсету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сот билігін жетілдіру бойынша Мемлекет басшысының Жолдауда көрсетілген бағыттарды түсіндірдік. Жастарымыз Жолдаудың жүзеге асуына өз үлестерін қосуы тиіс, - деді Арман Пірзадаев. 

Өзгелердің жаңалығы