Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жолдау: Жетекші әуежайлар әлемдік деңгейдегі мультимодальды хабтарға айналады

22 Тамыз 2025, 08:57
677
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын іске асыру аясында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайлары заманауи мультимодальды орталықтар ретінде дамуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада $1,1 млрд инвестиция тарту арқылы әуежайдың жаңа ұшу-қону жолағы, жолаушылар және жүк терминалдары салынады. Сондай-ақ "Аэротрополис" көпфункционалды кешені бой көтермек.

Алматы әуежайының 2050 жылға дейінгі даму жоспары бойынша жаңа терминалдар, отын инфрақұрылымы мен техникалық қызмет көрсету кешендері іске қосылады.

Шымкентте 2024 жылы пайдалануға берілген жаңа терминал әуежайдың өткізу қабілетін жылына 6 млн жолаушыға дейін арттырды. Келешекте жаңа ұшу-қону жолағы салынып, әуежай "Оңтүстік" АЭА-мен байланыстырылады.

Ақтөбеде биыл 15 мың шаршы метрлік заманауи логистикалық хабтың құрылысы басталды. Мұнда қоймалар, тоңазытқыш камералар және арнайы жүк сақтау орындары қарастырылады.

Үкімет ірі әуежайлардың аумағында арнайы экономикалық аймақтардың шекарасын кеңейтуге шешім қабылдады. Бұл инвестиция тартуға, өнеркәсіп пен логистиканы дамытуға және әуе тораптарын экономиканың жаңа өсу нүктесіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы