Жолдауда білім саласына баса мән берілді - ғылым докторы

4 Қыркүйек 2019, 15:07
2337
Бөлісу:
Жолдауда білім саласына баса мән берілді - ғылым докторы
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті. 

Сәкен Сейфулин атындағы Агротехникалық университетінде өткен жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, университет ректоры Ақылбек Күрішбаев және оқытушылар мен студенттер қатысты.

Жиын барысында Жолдау жайлы пікір білдірген педагогика ғылымдарының докторы Айтжан Әбдіров Жолдауда білім саласына баса мән берілгенін айтты.

"Президент халыққа Жолдауында білім саласына аса үлкен екпін түсіргенін көрдік. Жолдаудың 4-тарауында «Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек» деп нақты бағыт жасап берді. Әрине білімсіз адам болашақта ешкім емес екендігін заман өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан оқу орындарына үлкен мүндет жүктелуде. Атап айтар болсақ, қазіргі таңда білім ордалары Академиялық адалдық лигасына мүше. Біз осы бір ұтымды тұсты тиімді пайдалана отырып, сапалы білім мен адалдыққа басымдық жасауымыз қажет. Ол үшін болашақ маман білім саласында көрсетілген ережелерге сай заң бұзушылықтарға жол бермеуі керек. Егер де қандай бір келеңсіз жағдайларға жол беріп, оны қайталайтын болса, ол студент барлық мүмкіндіктерден айырылады. Демек, ары қарай білімін жалғастыру мүмкіндігінен бір жола айырылады. Бұл білім сапасы мен болашақ маманның біліктілігін арттырудың басты жолы. Міне біз осы бір жүйені жан-жақты жетілдіріп білікті де сапалы маман даярлауды күн тәртібінен түсірмеуіміз керек" - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйек күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жасаған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы