Жолдау-2021. Реформалардың іске асуы еліміздің тұрғындарының жауапкершілігіне де байланысты

2 Қыркүйек 2021, 10:35
3768
Бөлісу:
Жолдау-2021. Реформалардың іске асуы еліміздің тұрғындарының жауапкершілігіне де байланысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қазақстандық саясаттанушы әрі қоғам қайраткері Эдуард Полетаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы - қазіргі пандемия кезеңіндегі халықты бір ізге қарататын негізгі құжат.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын Қазақстан халқына елдегі жағдай мен елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Жолдау жолдайды. Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекеттің жаңа тарихында алар орны ерекше. Өйткені бұл тапсырмалар билікке ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір жеке тұлғасына тікелей әсер етеді. Бұл - қазіргі қиын кезеңнің мәнін көрсететін құжат, - деді ол. 

Сонымен қатар ол реформалардың іске асуы тек билік өкілдеріне ғана емес республика тұрғындарының тәртібі мен жауапкершілікке байланысты екенін айтты. Оның мәлімдеуінше, егер Президент айтқан тапсырмалар жүзеге асатын болса, бұл тығырықтан оңай шығамыз.

Мемлекет басшысы «алдағы онжылдық қиын кезең» болатынын ашық айтты. Алайда, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ауқымы әлі де сақталатынына ешкім күмән келтірмейді. Біз қиын жағдайдан шығумыз керек. Осыған байланысты мемлекет жұмсаған барлық күш болашақта өз нәтижесін беруі тиіс. Президент айтқандай, мемлекеттік аппарат біртұтас механизм ретінде жұмыс істемесе, кедергілерге көп ұшыраймыз. Көп нәрсе республиканың барлық тұрғынының тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты, - деді саясаткер. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта көптеген елдер үшін стратегиялық міндет - тұрақты әлеуметтік саясатты қалыптастыру және оның басым бағыттарын анықтау. Сондай-ақ Жолдауда көтерілген өмірлік маңызды мәселелерді шешу, мысалы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны көтеру және т.б. мемлекет пен қоғамның жоғары байланысқа ие болатын жобалар ұсынылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың денсаулығын басты назарға қойып отыр. Ол пандемия кезіндегі өмірге бейімделу қажеттігін айтты. Сонымен қатар отандық тиімді вакцина QazVac пен ДДСҰ тіркелген вакциналарға сенуді тапсырды. Ол «денсаулық сақтаудың барлық секторын тұрақты вакцинация жүйесіне дайындау» маңыздылығына көп тоқталды. Сайып келгенде, мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты мақсаты - ұлт денсаулығын жақсарту, белгілі бір жағдайларда қаржылық және ұйымдастырушылық тарапнына қолдау көрсету және оның экономикалық болашағына халықтың сенімін қалыптастыру. Бұл мақсат Жолдауда көрсетілген және орындалады деп білемін, - деді Эдуард Полетаев. 


 

Өзгелердің жаңалығы